Архив событий

30/07/2015

"Сот кабинеті" ақпараттық сервисін қолдану және "Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін қолдану" тақырыбындағы дөңгелек үстел

30/07/2015

Мұғалжар аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану»  және «Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін қолдану» атты тақырыптарда дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға соттың судьялары, аудандық аудан прокурорының көмекшісі, аудандық ішкі істер бөлімінің және Қандыағаш стансасының желелік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарамсының өкілдері, Қандыағаш қаласының жеке кәсіпкерлері қатысты.

Азаматтармен кездесу

30/07/2015

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында құқық қорғау органдарының жұмысының сапасын арттыру; төрешілдікті азайту; соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелерін үнемі назарынан тыс қалдырмай келеді.

Халық пен соттың арасын жақындату, сот жүйесінің ашықтығын, мөлдірлігін, жариялылығын, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және соттың жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында Байғанин аудандық сотында «ашық есік күндері», төрағаның азаматтарды жеке қабылдауы тұрақты түрде болып тұрады.

« Сот медиациясы - дауды реттеу бойынша бітімгершілік рәсім» тақырыбындағы дөңгелек үстел

30/07/2015

Ақтөбе қалалық сотында медиация мен басқа бітімгершілік рәсімдерін қолданылуы тақырыбында  дөнгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға Ақтөбе қалалық соты төрағасының м.а. Қ.С.Сембеков, оқу бағдарламаларды үйлестірушінің көмекшісі А.Ж.Садыкова, Ақтөбе облысы бойынша «Келісу» кәсібі медиаторлар одағы», «Медиаторлар ұлттық палатасы» АҚБ өкілдігінің директорлары мен Ақтөбе қалалық сотының судьялары қатысты.

Ұлт жоспары «100 нақты қадам» тақырыбына дөңгелек үстел

30/07/2015

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасында айқындалған орындау мақсатында,  Алға аудандық сотының бастамасымен «Ұлт жоспары  «100 нақты қадам» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс шараға судьялар,  кеңсе мамандары, аудан прокуроры,  полиция қызметкерлері, адвокаттар қатысты.

Шетелдік миграция заңнамасын бұзған

30/07/2015

Әйтеке би аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 517-бабы 2-бөлігімен аз.Г. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Әкімішілік іс материалдарына сәйкес, Ресей Федерациясының азаматы Г. 2015 жылы 3 маусымында Қазақстан Республикасының  Комсомол ауылы Желтоқсан көшесіндегі өзінің ата-анасына жеке жағдайымен келіп, 30 тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған, я болмаса қайта тіркелмеген, 57 тәулік өткен соң келіп тіркелген, яғни Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу - әр мемлекет қызметкерінің міндетті» атты тақырыбындағы семинар

30/07/2015

Қобда аудандық сотында  «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу - әр мемлекет қызметкерінің міндетті» атты тақырыпқа семинар өткізілді.

Семинарда сот төрағасы А.Т.Анарбаев , кеңсе меңгеруші А.К.Маденова, бас маман А.Б.Даирова , жетекші  маман А.Г.Измухамбетова    қатысты.

Семинар барысында сот төрағасы сот мамандарын, мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексін және моральдық нормаларын, процесте мінез құлқының мәдениетін, процесске қатысушылармен өрескел және қаттан сөйлеуді болдыртпауға шақырды.