Архив событий

23/07/2015

«Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

23/07/2015

Ақтөбе облысы Темір аудандық сотында Ішкі істер органдары, әділет органдары, «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдерінің, сот орындаушыларының қатысуымен «Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Аталмыш іс-шараны Темір аудандық сотының төрағасы А.Каржауов ашып, сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі болып табылатынын, мұның өзі мемлекеттегі сот төрелігінің тиімділігін көрсететінін атап өтті.

Аудандық сот 2015 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмысын қорытындылады

23/07/2015

Қобда  аудандық сотында 2015 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Жиынға сот төрағасы  А.Т.Анарбаев және  жергілікті БАҚ өкілі  А.Егизбай қатысты.

2015 жылы 1 жартыжылдығында аудандық сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған

Тараптар татуласқан

23/07/2015

Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 128-бабының 1-бөлігімен азамат А. қатысты қылмыстық ісі қаралды.

«Сот орындаушының сот актілерінің орындау нәтижелері мен сот өндірісіне ұсынылған ұсыныстар » туралы дөнгелек үстел

23/07/2015

Қобда аудандық сотында  «Сот  орындаушының сот актілерінің орындау нәтижелері  мен сот  өндірісіне  ұсынылған  ұсыныстар »  туралы   тақырыбында  дөнгелек үстел   өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Т.Анарбаев, кеңсе меңгерушісі А.Маденова,бас  маман А.Б.Даирова ,  аудан прокурорының орынбасары А.Сағындыков,  мемлекеттік кірістер  басқармасының өкілі  К.Турикпен, Қобда  аумақтық бөлімі  филиалының  басшысы аға сот  орындаушысы З.Ж.Умарова  қатысты.

Жеке айыптау істері бойынша және «Ұсақ Бұзақылық» әкімшілік істері бойынша түсіндіру

23/07/2015

Шалқар аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен Жеке  айыптау  істері  бойынша, « Ұсақ Бұзақылық»  әкімшілік істері  бойынша және 2015 жылдың бірінші  жартыжылдығы  қорытындысы  бойынша брифинг пен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Аудандық сот төрағасы О.Бақтыгереев жеке айыптау  істері бойынша,оларды  қарау  ерекшеліктері туралы кеңінен түсінік берді.