Архив событий

20/07/2015

Міндеттер мен мақсаттарды іске асыру

20/07/2015

Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.А.Раимкулова «100 нақты қадам» Ұлт жоспарды  іске асыру мақсатында жергілікті «Тандем» радиосының «Визави» бағдарламасына қатысты.

Радио-эфирде сот жүйесіндегі жаңа енгізілімдер және Отанымызды жаңарту мен күшейту мақсатында қойылған міндеттерді іске асыруды талқылады.

Процестік келісім жасақталған

20/07/2015

Мұғалжар аудандық сотында  қысқартылған тәртіпте, келісім өндірісінде, кінәсін мойындауымен процессуалдық келісімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2- тармағы азамат Б. қатысты  қылмыстық ісі қаралды.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік» күні өткізілді

20/07/2015

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, сот жүйесіне деген сенімді арттыру, сонымен қатар, қолжетімділік пен ашықтықты жариялау мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасының міндетін атқарушы С.Абишеваның қабылдауына келген Ақтөбе қаласының тұрғындары  Ж.Н.Кударов, С.Оразов және Г.Т.Аккуйшиналар  әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты өздерін мазалап жүрген  сұрақтарымен жүгінді.

Кездесудің қорытындысы бойынша, келушілерге заңнамаға сәйкес түсіндіру берілді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарды іске асыру

20/07/2015

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Қ.Молдағалиев жергілікті «Тандем» радиосының «Аймақ тынысы» бағдарламасында қатысты.

Бағдарлама барысында Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 21-қадамы «Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде алқа билер соты міндетті түрде қарастырылатын қылмыстық істердің категорияларын анықтау қажет» тақырыбында сұхбат берді.

Қоғамдық жұмысқа тартылған

20/07/2015

Мұғалжар аудандық сотында теріс қылық бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлімімен азамат Ж-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарға сай, азамат Ж. 2015 жылдың 4 шілдесінде Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, «Жастық» м/а,  үйдің артқы жағында орналасқан көпқабатты бұзылған үйдің үшінші қабатында 2.48 грамм есірткі заты – кептірілген марихуананы заңсыз иемденіп, шалбарының оң жақ қалтасында өткізу мақсатынсыз, заңсыз сақтаған.

Түзеу колониясында көшпелі семинар өткізілді

20/07/2015

Мұғалжар аудандық  №2 сотында Жем қаласындағы КА-168/5 мекемесінде Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 480-бабына сәйкес «Жаңа қылмыстық заңнама талабына байланысты  сотталғандарға қатысты  жадығатты рәсімдеу» бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Б.Сабыров, Мұғалжар ауданының прокуратурасы өкілдері, КА-168/5 мекемесі  қызметкерлері, адвокаттар қатысты.

Семинарға қатысушылар бір неше сұрақтарды талқылап, өз пікірлерімен алмасты.

Қорытынды шығармаған

20/07/2015

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен айыпталған азамат Ж-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарға сәйкес 2015жылдың 3 шілдесінде Шалқар қаласы Е.Ерімбетов көшесінде азамат Ж. Шалқар аудандық сот қаулысымен үш жылға көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырыла тура автокөлікті мас күйде басқарып жүргенде полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Қарсы талап арызы қанағаттандырылды

20/07/2015

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «АЖ» ЖШС-нің «А-К» ЖШС-не ұсақ тасты беруді міндеттеу және сома өндіру туралы талап арызы және «А-К» ЖШС-нің «АЖ» ЖШС-не ұсақ тасты алып кетуге, аумақты тазалауды міндеттеу және сома өндіру туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

 «АЖ» ЖШС-і сотқа «Ақ-жол К» ЖШС-не 279 тонна 400 киллограмм мөлшерінде ұсақ тасты беруге міндеттеу және 1 000 000 теңге көлемінде  алынбай қалған табысты өндіру туралы  талап арызбен жүгініп келесі мән-жайларды көрсеткен.