Жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарында көрсетілгендей, азамат А., «Самара –Шымкент» тас жолында, Қазақстан Республикасының Жол қозғалы ережелерінің 10.5.6 тармағын бұзып, «Лада» автокөлігін басқарып келе жатып, өрлеудің соңында және көруі шектелетін жол учаскелерінде  жолдың қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығумен басып озып, ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 3 бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен азамат А. ҚР ӘҚБтКнің 596 бабының 3 бөлімімен (жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) айыпты деп танылып, оған 1 жылға көлік жүргізу құқынан айыру жазасы белгіленді.  

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі