Ақтөбе облыстық филиалының «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық ұйымы өкілдерімен бірлескен қызметкерлерімен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Р.Т.Жакина ҚҰ «Ардагерлер ұйымы» Ақтөбе облыстық филиалының өкілдерімен кездесу өткізді. «Ардагерлер ұйымы» қызметкерлері арасында «Жазба-бейне құрылғысы»,  «Төрелік» және «Сот кабинеті» жүйелерінің жұмысын жақсарту сұрақтары талқыланды.

Кездесудің негізгі мақсаты, сот отырысында «Жазба-бейне құрылғысын»  сапалы түрде қолдану, сонымен бірге  автоматты түрде тағайындалған және «жазба-бейне құрылғысын» пайдаланып  өткізілген сот отырысының есебін жасау «Төрелік» және «Сот кабинеті» ақпараттық-аналитикалық бағдарламаларымен біріктірілгені туралы сұрақтар талқыланып, зерттелді.

Сонымен қатар, тараптар негізсіз сот отырысына келмеген жағдайда «жазба-бейне құрылғысын» қолдану  судьяларға келіп түскен негізсіз шағымдардан негіз және қорғаныс болып табылады.  Осындай тәжірибе «жазба-бейне құрылғысын» соттарда қолдану көрсеткішін жақсартады, себебі тараптардың сот отырысына келмеу фактісіде жазылады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі