Жол оқиғасы орнын тастап кеткені үшін 30 тәулікке әкімшілік қамаққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат С. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611 бабының 3 бөлімінде (көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамның өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу әрекеті) көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікке тартылды, себебі ол көлік құралдарын жүргізу құқы жоқ азамат бола тұра, 2017 жылдың 5 маусымында шамамен 13 сағат 52 минутта, Ақтөбе қаласының 12 шағын ауданындағы №41 үйдің қарсысында «Opel Astra» автокөлігін басқару барысында, өзі қатысушы болып табылатын жол көлік оқиғасы орнын тастап кеткен.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: