«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на қатысты 6 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 354-3-бабымен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на қатысты 6 әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек, Мұғалжар ауданы әкімінің 2013 жылғы №412, 415, 424, 431, 446, 461 Қаулыларымен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на Батпақкөл ауылдық округінен 0,1453 га; 0,5842 га, Жаңажол кен орнынан 0,1088 га; 156 га: 150,0, Кеңкияқ кен орнынан 0,74 га жер учаскелері 25.06.2022 жылға дейін уақытша өтемелі негізде пайдалануға жер учаскелері бөлінген.

Алайда, ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заңының 9-бабының 1-бөлігімен белгіленген алты ай мерзімді қасақана бұзып, мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен тіркеуші органға 2014 жылғы 24 шілдеде жүгінген.    

Судья, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, жалпы сомасы 222240 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мұғалжар аудандық соты 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі