Архив событий

29/08/2014

Ақтөбеде сот жүйесінің үздіктері марапатталды

29/08/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-жылдығына арналған мерекелік шара өтті.

Салтанатты іс-шараны аша отырып, облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов мемлекеттік мейраммен қатысқандарды құттықтап, негізгі Заңның мемлекет, қоғам және әр қазақстандықтың өміріндегі маңызын атап өтті.

Әрекет етуші Конституцияның егемен Қазақстанның өмірі мен қызметі жолында оның тірегіне ие болып, уақыт талабына сай адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу кепілі екендігін айтты.

Салтанатты іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасты.

Жаңа ҚР ӘҚБтК, ҚАК негізгі новеллалары»атты тақырыпта брифинг өтті

29/08/2014

Кеше Мұғалжар аудандық сотында «Жаңа ҚР ӘҚБтК, ҚАК-нің негізгі новеллалары» атты тақырыпта брифинг өтті.

Брифингкесудья Ж.М.Сейтжапаров, кеңсе меңгерушісі С.А.Хамзина және аудандық «Мұғалжар» саяси-қоғамдық газетінің өкілі М.Жұманбетова қатысты.

Брифинг барысында судья Ж.Сейтжапаровпен Жаңа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  және Қылмыстық атқару Кодексінің негізгі новеллалары туралы түсіндірілді.

БАҚ өкілдері тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді. Шара соңында, судья өзара ықпалдастық үшін тілшігеөз алғысын білдірді.