Архив событий

25/08/2014

Ырғыз аудандық сотында брифинг пен баспасөз - мәслихаты өткізілді

25/08/2014

Жуырда Ырғыз аудандық сотында  аудандық «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдәулетұлының қатысуымен брифинг өтті. Брифингте сот төрағасы А.Бисенгали 2014 жылдың 7 айында ҚР ӘҚБтК-нің 27-тарауымен көзделген көлiктегі, жол шаруашылығындағы, байланыстағы және ақпараттандыру саласындағы сотта қаралған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша ақпарат берді.

Сот кабинеті жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

25/08/2014

Мәртөк аудандық соты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының сайтанда орналасқан «Сот кабинеті» сервисі туралы насихаттау жұмыстарын жүргізді. Кеңсе меңгерушісі электрондық түрінде талап арыздармен жүгінуі, сот мәжілісінің хаттамасына ескерту келтіру, хаттама көшірмесін сұрату, өтінішпен жүгінуі туралы Мәртөк ауылындағы ірі мекемелерге көшпелі түрде тыңдаулар өткізді.

Аудандық сот оқушыларды мектепке дайындау акциясына өз үлесін қосты

25/08/2014

Мәртөк аудандық соты Мәртөк ауданы бойынша әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен өткізілетін «Мектепке оқушыларды дайындау» ақцияға өз үлесін қосты. Аудан бойынша жеке кәсіпкерлер, мекемелер мен ұйымдар, табысы аз отбасыларға, ата-анасы жоқ жасөспірімдерге мектепке дайындау мақсатында әр түрлі әлеуметтік көмек көрсетіп жатыр. Ал аудандық сот табысы аз отбасына екі оқу сөмкесі мен кеңсе заттары, сондай-ақ мектеп киімін алып берді.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қайтыс болды

25/08/2014

Шалқар аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігінде көзделген орташа қылмыс санатына жататын қылмыс жасаған Н. сот алдында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санция беру туралы Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің анықтаушысының өтініші қаралды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қайтыс болды

25/08/2014

Шалқар аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігінде көзделген орташа қылмыс санатына жататын қылмыс жасаған Н. сот алдында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санция беру туралы Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің анықтаушысының өтініші қаралды.

Ата-ана құқығынан шектеу салдарының күші жойылды

25/08/2014

Егер отбасыда баланың тәрбиесіне, ден саулығына және өміріне шынайы қауіп төнсе, баланың бұзылған құқықтарын қорғау ретінде ата-аналық құқықтарын шектеу шарасы қолданылады.

Ата-аналық құқықтарын шектеу – ол жайсыз жанұяны қалпына келтіруге, немесе керісінше ата-аналық құқықтарынан айыру жолымен мүлдем ата-аналық қарым – қатынастары қысқартылады.

Мама, өтінемін ішпеші !

25/08/2014

Анасы ішімдіктен зардап шегеді, мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді. Наркодиспансерге есепке алынған, бірақ қажетті нәтиже шығармай, түбегейлі емделмей спирттік ішімдіктерге салынған, бұл қазіргі таңда анасының кінәсінен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған баласының денсаулығына әсер еткен. Кәмелетке толмаған Русланның өмірі осындай күйде.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғана ауданаралық сотында Ақтөбе қаласы ІІБ Зауыт ПБ-нің азаматша А.-ны ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.