Архив событий

07/08/2014

Хромтау аудандық сотында баспасөз-мәслихаты өтті

07/08/2014

2014 жылғы 06 тамызында  Хромтау  аудандық сотында «Жаңа ҚР ҚК, ҚІЖК негізгі новеллалары» атты тақырыпта баспасөз-мәслихаты өтті.

Оған сот төрағасы Мұқанов А.А, судья Г.К.Избасарова , Хромтау аудандық проруронының көмекшесі  Ж.Каракулов  және аудандық «Хромтау » саяси-қоғамдық газетінің өкілі  Л.Абдирова  қатысты.

Баспасөз-мәслихаты  барысында жаңа ҚР Қылмыстық Кодексінің және Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің негізгі новеллалары туралы түсіндірілді.

Алқабилердің қатысуымен қаралып жатқан іс

07/08/2014

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде алқабилердің қатысуымен ҚР ҚК-нің 96 б, 2 б, «е»т, 24 б 3 б - 96 б, 2 б «а» т, 251 б,  1 б., айыпталған аз.С. қатысты қылмыстық ісі қаралуда. Екі апта бойы сот тергеуі және сот жарыс сөзі өткізілген соң, судья алқабилермен бірге үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Алайда, кеңесу бөлмесінде бір алқабидің үкім шығаруға қатыса алмайтындығы белгілі болып, оны қосалқы алқабимен ауыстыруға  мүмкіндік жойылған.

Талап арыз ішінара қанағаттандырылды

07/08/2014

Хромтау аудандық сотымен талапкер аз.Ж. жауапкер  ЖК «С» тұтынушылық құқығын қорғау туралы, ақшалай қаражат өндіру және моралдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.