Архив событий

15/08/2014

Актобе облыстық сотымен электрондық сервис «Сот кабинеті» шығу түсіндіру іс- шаралар өткізілді

15/08/2014

15 тамыз 2014 жылы Ақтөбе облыстық сотының талдау және жоспарлау бөлімінің  бас-маманы М.Минтаев және Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономиялық соттың кеңсе менгерушісі А.Абилгазина ҚР ЖС-ның 2014 жылғы 08 тамыздағы №16-6/6072 хаты негізінде АҚ АФ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» мекемесіне «Сот кабинеті» электрондық сервисінің түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып жүзеге асырылды.

Актобе облыстық сотымен «Сот кабинетін» түсіндеру шығу іс- шаралары өткізілді

15/08/2014

14 тамыз 2014 жылы Ақтөбе облыстық сотының бақылау және құжатайналым бөлімінің бас-маманы Н.Макаровамен ҚР ЖС-ның 2014 жылғы 08 тамыздағы №16-6/6072 хаты негізінде  "Сот кабинеті" сервисін  түсіндіру жұмыстары келесі мекемелер бойынша  ұйымдастырылып жүзеге асырылды: «Ақтөбе қаласының Салық Басқармасы» ММ, «Сот актілерін орындау Департаменті» ММ, Ақтөбе облысы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік алқасы, «Қазақтелеком»АҚ,  «Ақтөбеэнергоснаб» АҚ, «Ақбұлақ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ АФ.

Алға аудандық сотында «Сот кабинеті» және «Медиация туралы ҚР Заңының қолданылуы» тақырыпта дөңгелек үстел өтті

15/08/2014

2014 жылғы 14 тамызда «Медиация туралы ҚР  Заңының қолданылуы», «Сот кабинеті» тақырыптарына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысында  аудандық соттың судьялары, мемлекеттік органдар мен мекемелердің және коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында аудандық соттың төрағасы м.а. Ж.А.Сұлтанова, судьялар Н.С.Биханова, Ж.С.Исаналина, кеңсе меңгерушісі Р.С.Ташева дөңгелек үстел тақырыптарына сай баяндамалар оқыды.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтті

15/08/2014

14 тамыз 2014 жылы Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, жеке және заңды тұлғалардан шағымдарды болдырмау мақсатында сот төрайымы М.Г.Үрістембаеваның қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Бұл шараның қорытындысы бойынша келген азаматтардың көбінің сұрағы алимент өндіру туралы, сотқа жеке шағымдану мүмкіншілігі және борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысты өрбіді.

Қазақстан Республикасының азаматтық Заңды бұзды

15/08/2014

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам үш жұмыс күні ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарлауға және паспортын және (немесе) жеке куәлігін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелеріне тапсыруға міндетті.  

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотындаТүркия Республикасының азаматшасы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.