Архив событий

28/08/2014

Кондукторды ұрып-соққан ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды

28/08/2014

2014 жылдың маусым айының 16 жұлдызында сағат 14.45 шамасында Жапаков маркасы Hundai County мемлекеттік таңбасы D 898 CA №25 маршрут автобусында жолаушы ретінде келе жатып, қасақана, бұзақылық,яғни қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, автобуста отырған басқа жолаушылардың тыныштығын бұзып, бұзақылық жасау мақсатында, аталған автобустың кызметін атқарып тұрған кондуктор А.А. Купаеваның берген жауабын ұнатпай, сөзбен тиісіп, балағатаған.