Архив событий

06/08/2014

Азаматтық іс бітімгершілік тәртібімен қысқартылды

06/08/2014

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы «Л» ЖШС-нің жауапкерлер аз.С., аз.Т. мүлікті қайтаруды міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында жауапкер аз.Т. «Л» ЖШС-нің  80-н құрылтайшысының біреу болып талап қоюшының көлік құралы түріндегі мүлігімен және оның техникалық паспортымен заңсыз иемденіп, соңынан көлік құралын жауапкер аз.С. ауызша сатып жібергені анықталды.

Жылдамдықты асырудың нәтижесі

06/08/2014

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде  ҚР ҚК-нің  296 бабының 2 бөлімімен сотқа берілген аз.К. деген азаматқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Шалқар аудандық сотының судьясы А.Маханбетов пен бас маман А.Болысбай мемлекеттік тілде құқықтық дәріс оқыды

06/08/2014

2014 жылы 05 тамыз күні Шалқар ауданы бойынша әділет басқармасында Шалқар аудандық сотының судьясы А.Маханбетов пен  бас маман А.Болысбай мемлекеттік тілде құқықтық дәріс  оқыды,   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жария еткен Жолдауы бойынша «Қазақстан-2050» стратегиясы, қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөнінде, «ҚР Медиация Заңы», «Судья медиатор», «Кадр саясаты» және «сот кабинеті», «талон беру үрдісі» туралы.

Көлік құралын жүргізуші куәлігісіз басқарған

06/08/2014

Қобда аудандық сотымен  күні  ҚР ӘҚБтК-нің 467-бабының 8-бөлігімен  азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 2014  жылдың 24 шілде күні сағат 03.50 шамасында,  Қобда ауылында, Курманов көшесінде, арақ ішкен мас күйінде, көлік  құралын жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра, маркасы «Минск» мотоцыкл көлік құралын басқарғаны үшін полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.

Сот мәжілісінде құқықбұзушы аз.М. өз кінәсін мойындап, өкініп, қатан жаза қолданбауды сұрады.