Архив событий

20/08/2014

Дөңгелек үстел өткізілді

20/08/2014

Бүгін Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот кабинеті: ыңғайлы және тез» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы, судьялар, «Ақтөбе облысы бойынша салық Департаменті» ММ-нің, «Ақтөбе облысы бойынша тексеру коммиссиясы»? «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның, «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның, «Актобеэнергоснаб» ЖШС-нің өкілдері, жеке кәсіпкерлер және «Рика ТВ» телеарнасының тілшілері қатысты.

Аудандық соттармен кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

20/08/2014

18-19 тамыз 2014 жылы  Алға аудандық сотының  кеңсе менгерушісі Р.С.Ташевамен Алға ауданы бойынша салық басқармасы мен Алға аудандық әкімдігінде,  «Сот кабинеті» электрондық сервисін  кешенді түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Аталған мекемелердің басшылары мен қызметкерлеріне «Сот кабинеті» сервисіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді және бейнеролик пен үлестірме материалдар арқылы толық мәлімет беріліп, туындаған сұрақтарына жауап берілді.

Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті

20/08/2014

2014 жылғы 19 тамызда Мұғалжар аудандық сотында азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес кеңестер беру мақсатында ағымдағы жылғы «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында төраға м.а. А.Е.Мусинамен және кеңсе меңгерушісі С.А.Хамзинамен қатысушы Р.Назарбаевтың заңды күшіне енген сот актісінің орындалуы туралы және басқа да сұрақтарына жауаптар берілді.

Мұғалжар аудандық сотының төрағасы м.а. А.Е.Мусина  «Ашық есік» іс-шарасында қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілуіне аса мән беріліп, тиімді жұмыстар атқаруды мақсат етіп отырғанын атап өтті.