Архив событий

12/08/2014

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қылқартылды

12/08/2014

 

Медиация – бұл бейтарап тұлға - медиатордың қатысуымен дауласушы тараптардың өзара ортақ ерікті келісімге келіп, дауды шешу туралы шарт жасасу процедурасы. Бүгінгі күні көптеген азаматтардың азаматтық дауларды ғана емес, сонымен қатар қылмыстық істер бойынша да медиаторларға жүгінетіні қуантады.

Сот кәнілі деп таныды

12/08/2014

Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 251 бабының 1 бөлімімен аз.Н. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарға сәйкес, 2012 жылдың желтоқсанынан бастап, 2013 жылдың 03 қыркүйек айы аралығында, аз.Н. қаруды, жаугер автоматтың патрондары 7,62х39мм калибрді, оқ-дәрілерді заңсыз иемденіп, өткізіп, сақтап, ҚР ҚК-нің 251 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыс жасаған.

Соттың үкімімен аз.Н. ҚР ҚК-нің 251 бабының 1 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 2 (екі) жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайталанған құқық бұзушылық

12/08/2014

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 336-4 бабының 2 бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған Р. есімді азаматшаға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

2013 жылдың 31 тамызында азаматша Р. ҚР ӘҚБтК-нің 336-4 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілген.

Дипломмен ауылға

12/08/2014

Қобда аудандық сотымен 2014 жылдың 07 тамыз күні  Қобда ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің жауапкер аз.С-тан көтерме жәрдемақыны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді

12/08/2014

Қызметтік қажеттілікке байланысты жәнеде қосымша судьямен хатшы штат саны көбеуіне қатысты, сонымен бірге мұрағат қоймасының көлемі жетіспеуіне, 2014 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қамтамасыз ету Департаментімен Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша қаражат бөлінді. Өткізілген аукцион нәтижесінде жеңімпаз «Кемер Құрылыс» ЖСШ-і болып аталды.