Шартты тиісінше орындауды мәжбүрлеу туралы азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Х» ЖШС-гі  Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ДК «Е-ге» шартты тиісінше орындауды мәжбүрлеу туралы талап арызымен жүгінді.

2017 жылғы 9 желтоқсанда «Х» ЖШС мен ДР «Е» арасында жалпы ақысы 945 000 теңгеге 9 дана су жылыту қазандықтары жеткізіліміне шарт жасалған. Жауапкермен тауар жеткізілген, алайда талап қоюшы оны шарт бойынша келісілген тауар деп есептемейді. Осылайша күткен тауарын алмау түрінде «Х» ЖШС-нің мүддесі бұзылған.

2016 жылғы 4 қазанда жауапкерге бұзушылықты ерікті жою туралы наразылық жолданған.  2016 жылғы 30 желтоқсанда бұзушылықты жоюдан бас тарту туралы жауап қайтарылған. Талап қоюшы шартқа сәйкес тауарды алмағанына байланысты сотқа жүгінген.

2017 жылғы маусымда тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхат түсті. Келісімге сай тараптар келесіге келді: жауапкер талап қоюшыға шарт бойынша болжанған тауардың ақысы  мен жеткізілген тауардың ақысының айырмашылығы 150 000 теңгені екі ай көлемінде төлейді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, сонымен қатар мемлекеттік баж қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: