Мұғалжар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында соттың төрағасы мен судьяларының, адвокаттар, аудандық прокуратура, әділет Департаменті және халыққа қызмет көрсету орталығы, «Коммуналшы» КМК-ның өкілдерінің қатысуымен «Гендерлік теңдік» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында аудандық соттың судьясы А.Мусина өз баяндамасында қатысушыларға сот тәжірибесінен мысалдар келтіріп, біздің мемлекетімізде демократиялық іс жүргізудің маңыздылықтарының бірі ұлттық гендерлік саясат болып келетінін айтып өтті. Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы ер азаматтар мен әйел адамдардың билік құрылымдарындағы қызметті тең басқаруға, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, бизнесті дамытуға, қызмет бабында көтерілуге және отбасында құқықтар мен міндеттерді бірдей жүзеге асыруға бағытталғандығын айтып өтті.

Шара соңында қатысушылар өзара әлеуметтік және тұрмыстық кемсітушіліктің себептерін егжей-тегжейлі талқылап, пікірлерімен алмасты.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі