«Медиацияны қолдану – дауды бітімгершілік жолымен шешудің тиімді тәсілі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық соты  талап қоюшы Б.-ның жауапкер Т.-ға қарыз ақшасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

Талап қоюшы Б. жауапкер Т.-дан осы күнге дейін  бермей жүрген   қолхатқа сай  60855 теңге берешек ақшаны өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Сот отырысында  тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша арызды ұсынып, істі өндірістен қысқартуды сұрады.

ҚР АПК-нің  277-бабының 6- тармағына сай тараптар дауды   медиация тәртібімен реттеу туралы келісім  жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Сот талап қоюшы Б.-ның жауапкер Т.-дан берешек ақшаны өндіру туралы талап қою арызы  бойынша тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы татуласу келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі