Көші-қон саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы 2-бөлігімен (ҚР-ның халықтық көші-көн саласындағы заңнамасын бұзуы, яғни шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзуы, көзделген мерзімде ішкі істер органдарынантіркеуден өтпеуі, тіркеу  кезінде көрсетілген  мекенжайда тұрмауы) ҚХР-ның 2 азаматына қатысты  әкімшілік ісі қаралды.

Істің құжаттарына сай, ҚХР-ның 2 азаматының құжаттарын тексеру барысында, Алматы қаласы бойынша тіркелгендігі, алайда олардың тіркеу  кезінде көрсетілген  мекен-жайда тұрмай, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы  Жаңажол вахталық поселкасындағы жатақханада тұрып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 2 бөлімінің 517 бабындағы құқық бұзушылықты жасаған.                  

Сот отырысында ҚХР-ның 2 азаматы өз кінәларын толық мойындап, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы  Жаңажол вахталық поселкасында орналасқан жатақханада ешқандай рұқсатсыз заңсыз тұрып жатқандығын,  ол туралы ішкі істер органдарына хабарламағандығын көрсетті. 

Сот қаулысымен ҚХР-ның 2 азаматы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы 2-бөлігімен  кінәлі деп танылып,  әрқайсысына Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі