Хромтау аудандық сотында әкімшілік істер бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың маусым  айында Хромтау аудандық сотымен Е.Жеткерген,   «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың  «басқарудың белгіленген тәртібіне құқығына қол сұғатын» туралы тақырыпқа брифинг өткілізді.

Хромтау аудандық сотында Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК 463 - бабының 1 – бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған К.-ге қатысты  әкімшілік іс қаралды. 

К. Хромтау қаласы, Жеңіс даңғылы №8 үй маңында Лада Ks0u51 маркалы автокөлігін басқара отырып, тіркелуге міндетті бола тұра, тиісті органдарда тіркеусіз жолаушылар тасымалы қызметімен айналысқан, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463 бабының 1 бөлігінде (Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды)  жүзеге асыру ) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

К. өзінің кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекеттеріне өкініш білдіретінін және бұдан былай қайталанбайтынын көрсетті.

Нәтижесінде К. кінәлі деп танылып, 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі