Хромтау аудандық сотында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Салтанатты жиында сот төрағасы А.Ж.Балмұханов қатысушыларды ел тарихындағы мерейлі мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, тәуелсіздік жылдарда Елбасының бастамасымен елімізде орын алған жетістіктерге тоқталды. А.Балмұханов өз сөзінде «Елбасы Қазақстанның бірлік-ынтымағын, тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы, сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білген бүгінгі заманның көрнекті саясаткері»- деді.Төраға өз баяндамасында Нұрсұлтан Назарбаевтың егеменді Қазақстанның қалыптасуында, республикадағы қуатты сот билігін құруда айрықша рөлін атап өтті. 

Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған деректі фильмді тамашалаумен аяқталды.

Қайнар: 
Пресс служба Актюбинского областного суда