Сотты құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  653-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша азаматшалар П. және З-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 іс қаралды (сотқа құрметтемеушілік таныту).         

Құқықбұзушылар П. және З., қылмыстық іс бойынша процеске қатысушы жәбірленушілер бола тұра, сотқа шақыру қағазымен тиісті түрде хабардар болса да, сот отырысына алкогольді масаң күйде келіп, сотқа құрметтемеушілік білдірген. Қылмыстық істі қарау мүмкін емес. Өзінің іс-әрекетімен, құқық бұзушылар П. және З. ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған, яғни процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк).

Істі қарау қорытындысы бойынша құқық бұзушылар П. және З. ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, оларға әкімшілік жаза ретінде ескерту жариялау түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Пресс служба Актюбинского областного суда