Дау партисипативтік тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық соты  талап қоюшы Б.-ның жауапкер К.-ға берген қарыз ақшасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс  қарады.

Талап қоюшы Б. жауапкер К.-дан осы күнге дейін  бермей жүрген   қол хатқа сай барлығы 21 910 теңге берешек ақшаны өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Сот мәжіліс өту барысында, тараптар судьяның қатысуынсыз, келіссөз жолымен жақтардың адвокаттарының жәрдемдесумен, тараптар арасында келесі жағдайда  жауапкер К. 2017 жылдың 20 шілдеге дейін талапкерге 21910 теңге көлемінде қарыз ақшаны қайтаруға міндеттенеді, ал талапкер келтірген талаптан бас тартып, сотқа дауды  партисипативтік тәртібімен реттеу жөнінде келісім ұсынды.

Сот талап қоюшы Б.-ның жауапкер К.-дан берешек ақшаны өндіру туралы талап қою арызы  бойынша тараптар арасындағы дауды партисипативтік тәртібімен реттеу туралы татуласу келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі