Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабы 3-бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу) жинақталған әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша 07.06.2017 ж. 09- 00 сағатта Б. қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережесiнің талаптарын өрескел бұзып, балық аулау мақсатында, Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округіне қарасты «Жабағыкөл» көлінде қайық мініп, ұзындығы 50 метр болатын үш дана ауды құрған.

Сөйтіп, Б. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабы 3-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен Б. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жоғарыда айтылған бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 45 380 теңге мөлшерде әкiмшiлiк айыппұл салу түрінде әкімшілік жаза қолданылды және құқық бұзушылық құралдары үш дана ауы және қайық тәркiленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі