Балаларға қатысты ата-ана дауы татуласу рәсімімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Т.-ға кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар  сотқа татуласу келісімін тапсырып, онда араларындағы келісілген шарт бойынша, А. кәмелетке толмаған 2013 жылы дүниеге келген Ә.-ның тұрғылықты жері мен заңды мекен жайын анасы Т.-мен бірге айқындауға келіседі.

Өз кезегінде Т. баланың әкесі А.-ға баласына қатысты ата-аналық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қарсылық көрсетпеуге міндеттенеді.

Талап қоюшы А. талабынан бас тартады.

Тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 178, 278-баптары бойынша, іс жүргізуді тоқтату тәртібі мен салдары түсіндірілді.

Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі