«Балаларды қорғау күні» мерекесімен құттықтады.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай  Ырғыз аудандық  сотының судьясы С.Махамбетов, бас маман Г.Төлегенова Ырғыз ауылында орналасқан «Ақбота» сауықтыру шипажайында болды.

Бұл шипажайда ата-аналарының денсаулығына  байланысты  оқшаулатылған 1-5 жас аралығындағы 15  бүлдіршін тәрбиеленуде.                      10 жылға жуық жұмыс істеп жатқан бұл шипажайдың  басты мақсаты егемен еліміздің болашақ ұрпақтарының қалыпты жағдайда  өсуіне қамқорлық көрсету, басты ұраны «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы».                                        

Іс-шара барысында аудандық сот қызметкерлері  тәрбиеленіп жатқан  балғындарды сот ұжымының атынан мерекелерімен құттықтап,  оларға ойыншықтар және тәттілер сыйлап, игі тілектерін айтты. 

Шипажай басшысы Э.Милушева «көрсеткен ықыластары үшін» сот ұжымына алғыс білдірді.  

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі