Ата-ана арасында балаға қатысты дау сот медиация тәртібімен реттеліп шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Е.-ге кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сот отырысында тараптар сот медиация тәртібімен реттелген келісімді бекітуді сұрады. Келісілген шарт бойынша, Е. он жасқа толған баласының пікірін ескеріп, баласы Т.-ның тұрғылықты жері мен заңды мекен жайын әкесі Б.-мен бірге айқындауға келіседі.
Өз кезегінде Б. баланың анасы Е.-ге баласына қатысты ата-аналық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қарсылық көрсетпеуге міндеттенеді.
Талап қоюшы Б. талабынан бас тартты.
Тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 178, 278-баптары бойынша, іс жүргізуді тоқтату тәртібі мен салдарын түсіндірілді.
ҚР АПК-нің 278-бабының 3-бөлігіне сәйкес төленген 1135 теңге мемлекеттік баж төлемі талап қоюшыға қайтарылды.
Сот ұйғарымымен сот медиациялық келісім шарты бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
 

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: