Алкогольдік масаң күйде көлік жүргізудің зардабы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жол-көлік оқиғасын жасаған азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Онда көрсетілгендей 2017 жылғы 22 мамыр күні 22 сағат 40 минут шамасында Ақтөбе қаласы Бейбітшілік даңғылындағы азамат С. арақ ішкен мас күйінде «Vaz 21063» автокөлігін басқарып келе жатып, Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидасының 9.10 тармағын өрескел бұзыпқозғалыс жылдамдығына орай алда қозғалып бара жатқан көлік құралымен арада, соқтығысудан сақтануға мүмкіндік беретін аралықты сақтамай, аз.А-ның басқаруындағы  «Lada 21941» маркалы көлік құралына соқтығысып, көліктердің бүлінуіне әкеп соғып, оларға материалдық залал келтірген, сөйтіп ол  Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608- бабының 3- бөлімінде (көлік құралын күйде басқарып, көлік құралдарын бүлдіруге әкеп соққан әрекет) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысына сәйкес азамат С. кінәлі деп танылып, көлік құралдарын басқару құқынан 5 жыл мерзімге айырылу жазасына тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: