Алға аудандық сотында «Жаңа басылымдағы еңбек кодексі» тақырыбында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында «Жаңа басылымдағы еңбек кодексі» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингте  аудандық «Жұлдыз» газетінің тілшісі Б.Изтлеуов қатысты.

Брифинг барысында сот төрағасы  Е.Мұратқанов БАҚ өкіліне ҚР-ның жаңа Еңбек кодексіне енгізілген, оның ішінде іссапар, еңбекке ақы төлеу нормасы және еңбекақыны ұстап қалу ережесі өзгерістерімен таныстырды.

Сот төрағасы бұрынғы заңнамаға сәйкес жұмыс берушіге он сегіз жасқа толмаған, аяғы ауыр әйелдер мен мүгедек жұмысшыларды іссапарға жіберуге тыйым салынғанын айта кетті. Ал, 2016 жылдан бастап аталған тұлғалар медициналық көрсетілім бойынша тыйым салынбаған болса, іссапарға жіберуіне болатынын айтты. Сонымен қатар олардың іссапардан бас тартуға құқығы бар (ҚР – ның 2016 жылғы ЕК 127 бап).

Бұрын жұмысшыға мереке мен демалыс күндері жұмыс істегені үшін кем дегенде екі еселенген көлемде төлеу керек болатын. 2016 жылдан бастап 1,5 көлемінде төлеуге болады (ҚР – ның 2016 жылғы ЕК 109 бап).

Сонымен қатар, үстеме уақыттағы жұмыс үшін жұмыс беруші жұмысшыға 1,5 көлемінде төлеу керек болатын. Кәзір екі жақтың келісімімен сол сағаттарды төлемей, басқа уақытқа демалыс сағаттарымен ауыстыруға болады, сағатқа сағатқа есебімен (ҚР – ның 2016 жылғы ЕК 108 бап).

Сонымен қоса, сот төрағасы Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексінің 113, 115 – баптарымен ондағы еңбекке ақы төлеу шарттары мен еңбекақыны ұстап қалудың ережелеріне толықтай тоқталып кетті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі