Адвокатқа және оның зайыбына қатысты үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе қаласының №2 сотында аймақта аты шулы іске айналған алаяқтық фактісі бойынша ерлі-зайыпты И.Б.Дусмухамбетова мен Р.Е.Абдрахмановтардың қылмыстық істің үкімі шықты.

Іс материалына сәйкес 2014 жылдың ақпанынан бастап, 01 наурыз айы аралығында Ақтөбе қаласында И.Б.Дусмухамбетова өзінің жолдасы Р.Е.Абдрахманов екеуі қасақана ниетпен, алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, ірі мөлшерде, алаяқтық жолмен тонау, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатымен алдап, сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленуші К.Есенгалиеваның  485 950 теңге ақшасын алған.

       2014 жылдың 18 наурызында И.Б.Дусмухамбетова және Р.Е.Абдрахманов алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, алаяқтық жолмен жәбірленуші К.Есенгалиеваның 184 000 теңге ақшасын алуға шабуыл жасаған.

        Сол күні өздерінің қылмыстық ойын жалғастыра отырып, И.Б.Дусмухамбетова алдын-ала сөз байласу арқылы, яғни зайыбы Р.Е.Абдрахмановпен азаматша К.Есенгалиеваның жұмысына келіп, қалған 184 000 теңге ақшаны лауазымды адамға беру үшін алған. Бірақ өздерінің қылмыстық ойларын ақырына дейін жеткізе алмай, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қаржы полициясының қызметкерлерімен ұсталған.

Сот үкімімен И.Б. Дусмухамбетова және Р.Е.Абдрахманов  кінәлі деп танылды. ҚР ҚК-нің 177 бабының 2 бөлімінің «а» тармағымен И.Б.Дусмухамбетоваға 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы, ал Р.Е.Абдрахмановқа 1 жыл 7 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Тағылған айыптың қалған бөлігі, яғни ҚР ҚК-нің 28 бабының 4 бөлімі -312 бабының 4 бөлімінің «а» тармағы бойынша олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

 

 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі