Жаңалықтар

Хромтау аудандық сотында қылмыстық істер бойынша брифинг өткізілді

15/03/2016

Хромтау аудандық сотында судья Е.Жеткерген мен жергілікті басылым «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте Хромтау аудандық сотымен 2016 жылы қаралған қоғамдық маңызы бар 2 қылмыстық істің қаралу нәтижелері талқыланды.

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

14/03/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «ТТС» ЖШС-і «ОБ» ЖШС-нен қарыз соманы және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «ТТС» ЖШС-і «ОБ» ЖШС-нен  қарыз соманы және айыппұл өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында семинар сабағы өткізілді

14/03/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот мамандарының арасында «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережелері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Онда кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы М.Минтаев баяндама жасады.

Семинар қатысушылары 2016 жылдың 5 наурыздағы жаңа аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережелері бойынша мәселелі сұрақтарды талқылап, нәтижесі бойынша ұсыныстар дайындалды.

Қазақстан Республикасының медиация туралы заңы

14/03/2016

Алға аудандық сотында аудандық сот төрағасының төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасының медиация туралы заңы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге аудандық сотының судьялары, жергілікті органдардың мемлекеттік қызметкерлері мен кәсіби медиатор А. Куписов қатысты.

Аталған шараның мақсаты «Қазақстан Республикасының медиация туралы заңның»  қолдану тәртібі мен мақсатын түсіндіру.

Тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін жауапқа тартылды

14/03/2016

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы А. қатысты әкімшілік іс қаралды (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау).

Тазалық пен тәртіп үшін

14/03/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 435-бабымен азаматша С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық).

Мәртөк аудандық сотында брифинг өткізілді

14/03/2016

Мәртөк аудандық сотында «Мәртөк тынысы» жергілікті басылымының тілшісі Аманат Қалпиеваның қатысуымен «Сот жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану туралы» тақырыпта брифинг өткізілді.

Брифнгте кеңсе меңгерушісі Динара Бекмухамбетова баяндама жасады.

Ақтөбе қалалық соты семинар-тренинг өткізді

14/03/2016

Ақтөбе қалалық сотының судьялары А.Қабылдинов, А.Абдуллина, Е.Құрманов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, ҚазГЗУ колледжі студенттерінің қатысуымен «Тұрғын үй даулары», «Талап арызды қою», «Қазақстан Республикасы АІЖК жаңашылдықтары» тақырыптарында семинар-тренинг өткізді.

Беттер