Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

17/03/2016

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотында сот қызметкерлері арасында жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және оған жол бермеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары бойынша, кеңсе қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық  қызметтерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық түрлерінің  болмауына түсініктемелер берілді.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында семинар өткізілді

17/03/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Жер заңдылықтарын қолданудағы сот тәжірибесі, оның ішінде мемлекет пайдасы үшін жер учаскелеріне ықтиярсыз иеліктен айыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Шараға Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы және судьялары қатысты.

Семинарда судья Мария Шарипова баяндама жасады.

Семинар қатысушылары мәселелі сұрақтарды талқылап, нәтижесі бойынша ұсыныс дайындалды.

Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

17/03/2016

Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Іс-шара барысында төраға А.Сабыров 2 жеке тұлғаны қабылдады.

Сот төрағасына Ембі қаласының тұрғындары Т.Қарағойшин соттылығын алып тастау туралы, ал азаматша У.Тулебаева несие өтеу бойынша сұрақтарымен жүгінді.

Мұнайды заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдаған

17/03/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 197-бабының 1-бөлігімен Д. мен Т. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сай, 2016 жылдың 20 қаңтарында Мұғалжар ауданы ІІБ-нің Ембі ҚПБ-нің қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті сақтау барысында,  Мұғалжар ауданы Жем қаласы Байганин көшесі бойында Т. басқаруындағы «ГАЗ-3110» маркалы автокөлігі тіркемесімен тоқтатылып, тексеру барысында Д. мен Т. мұнай өнімдерінің заңдылығын растайтын құжаттарсыз,  мұнай өнімін заңсыз тасымалдағаны анықталған.

Аңшылық қаруды заңсыз сақтаған

17/03/2016

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен азамат А. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат А., 2016 жылдың 14 ақпанда Темір ауданы Қалмақтықырған ауылынан 14 шақырым жерде 16 калибрлі 1950 жылы шығарылған «ЗК» модельді, ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды өзінде заңсыз сақтап, алып жүрген.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жедел кеңес отырысы өткізілді

17/03/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жедел кеңес отырысы өткізілді.

Жедел кеңеске сот төрағасы  Н.Сұлтанов, судьялар  М.Сисенова, Г.Ажигалиева, А.Молдағалиев, кеңсе меңгерушісі Г.Ақмолдина және сот мамандары қатысты.

Күн тәртібінде келесідей сұрақтар талқыланды:

1.     Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану көрсетікішін көтеру;  

2.     БАҚ-пен  жұмысты жандандыру;

Сайлау қарсаңында көшпелі баспасөз-маслихаты өткізілді

16/03/2016

№216 сайлау учаскесі орналасқан Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы №1 Ырғыз орта мектебінің ғимаратында ауылдық округі әкімінің, ауылдың барлық сайлау учаскелерінің төрағалары мен хатшыларының қатысуымен баспасөз-маслихаты өткізілді.

Ата-ананың балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамауы

16/03/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігімен азаматша У. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сай, азаматша У. 2016 жылдың 11 наурызында Мұғалжар станциясында әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасы кәмелетке толмаған  балаларын тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған.

Жеке айыптау істерін қарау ерекшеліктері

16/03/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Жеке айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға сот төрағасы А.Сабыров, судья Ж.Кунаева, кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева, адвокат, аудандық прокуратура, Ембі қалалық ПБ, КА 168/5 мекемесінің және Мұғалжар ауданының №2 пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында жеке айыптау істері бойынша түскен арыздарды тіркеу тәртібі, сотта қаралу ерекшеліктері туралы мәселелер талқыланды.

Беттер