Жаңалықтар

Қайталанып жасалған құқық бұзушылық

16/03/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабының 3 тармағында көзделген құқық бұзушылықты жасаған М. есімді азаматшаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қарыз соманы өндіру туралы азаматтық іс бойынша дау партисипативтік келісіммен шешілді

16/03/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкер «В» жауапкер «К» ЖШС-нен қарыз соманы және өсімпұлды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

2014 жылдың 12 тамызындағы мердігерлік шартына сәйкес міндеттемені тиісінше орындамауына байланысты талапкер «КТП» ЖШС-нен 4 050 161 теңге көлемінде қарыз соманы және 879 545 теңге көлемінде өсімпұл өндіруді сұрап, сотқа шағымданды. Келісім-шарт бойынша мердігер «Су өткізу құрылғыларын жаңғырту» объектісінде жұмыстарды жүргізуі тиіс болатын.

«Жеке адамдарға қарсы қылмыстарды саралау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

16/03/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жеке адамдарға қарсы қылмыстарды саралау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы Н.Сұлтанов және сот судьялары: М.Сисенова, Г.Ажигалиева, А.Мулдагалиев, кеңсе меңгерушісі Г.Акмолдина, кеңсе мамандары, Ақтөбе облыстық прокуратурасы басқармасының прокуроры А.Шоқпаров, Ақтөбе облысының ІІД тергеушінің міндетін атқарушы С.Сырлыбайұлы қатысты.

Мәртөк аудандық соты қарыз еңбек ақысын өндірді

16/03/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық-процесстік Кодексі енгізуіне байланысты, сот бұйрық шығару талаптары кеңейтілген. Оның бірі қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын аудару туралы.

Қобда аудандық сотының брифинг өткізілді

16/03/2016

Қобда аудандық сотының оқу бөлмесінде  судья Ш.Есжанова мен БАҚ өкілі А.Егизбайдың қатысуымен «Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар» тақырыбы бойынша брифинг өткізілді.

Әйтеке би аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

16/03/2016

Әйтеке би аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев, кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева мен кеңсе мамандары қатысты.

Қобда аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

16/03/2016

Қобда  аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және Қазақстан Республикасының маслихат депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы А.Анарбаев, судья Ш.Есжанова, Қобда  аудандық прокуратурасының , Қобда аудандық Ішкі Істер бөлімінің, Қобда  аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері және кеңсе мамандары қатысты.

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

16/03/2016

Шалқар аудандық соты талап қоюшы К. жауапкер К. неке бұзу туралы азаматтық істі қарады.

Талап қоюшы К.сотқа талап арыз беріп, ол бойынша жауапкер К. екеуінің мінезі келіспейтінін, алдағы уақытта бірге тұра алмайтынын, некені бұзуды көрсеткен.

Азаматтық іс бойынша медиация келісімімен шешілді

16/03/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Жеке кәсіпкер Д. «И» ЖШС-нен  қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, Жеке кәсіпкер Д. «И» ЖШС-нен  1 485 000 теңге көлемінде қарыз соманы және сот шығындарын өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

2015 жылдың 5 қаңтарында Жеке кәсіпкер Д. және «И» ЖШС арасында Жіңішке станциясына жүк тасымалдау бойынша көлік қызметін көрсету үшін келісім-шарт бекітілген.

Беттер