Жаңалықтар

Жәбірленушіге келтірген зиянын өтеп, жауапкершіліктен босатылды

24/01/2014

Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық соты,  ашық  сот отырысында Әйтеке би ауданы, Комсомол селосының тұрғыны Н-ға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабының 1 бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарады.

Істің мән-жайына келсек:  2014 жылдың қаңтар айының 08-де сағат 08.30 шамасында, Әйтеке би ауданы Комсомол селосының тұрғыны Н.  яғни бөтен мүлікті жасырын түрде ұрлау мақсатында, осы селоның тұрғыны П-ның үйінің ауласына заңсыз кіріп, құны 3000 теңге тұратын темір шанасын жасырын түрде ұрлаған.

Пойыздағы мазасыз жолаушы

22/01/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Қызылорда облысының тұрғыны О-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 330 б. 1 б. негізінде әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек: 2014 жылдың 19 қаңтарда, «Актөбе-Астана» бағытындағы №8 пойыз вагонында, аз. О. арақ ішкен мас күйінде қоғамдық орында былапыт сөйлеп, төңірегіндегілерге сыйламаушылық танытып, жолаушылардың тыныштығын бұзып,   ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот оның өзінің кінәсін мойындағанын, құқық бұзушылықты бірінші рет жасауын ескеріп, оған бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Заң талабына бағынбағаны үшін қамауға алынды

17/01/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Әйтеке би ауданы, Ырғыз ауданының тұрғыны Н-ге. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 355 б. 2 б. негізінде әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек, 2014 жылғы 16 қаңтарда Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосының маңайында орналасқан «Корейская кухня» кафесінің жанында азамат Н. полиция қызметкерлерінің құжаттарын тексеру туралы айтқан заңды талаптарына қасақана бағынбай, қарсылық білдіріп тіл тигізіп, былапыт сөйлеген. 

Әйтеке би аудандық сотының 2013 жылдың 12 айында атқарған жұмысы туралы ақпарат

16/01/2014

Әйтеке би аудандық соты сот төрағасы А.Әбдіров Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының 2013 жылдың 12-айында  сот өндірісіне 85 қылмыстық іс, 99 адамға түсіп,  аяқталды. Оның ішінде үкім шығару арқылы 18 іс (26 адамға) қаралды.

Жол ережесін бұзып, материалдық залал келтірген

13/01/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосының тұрғыны А-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 468 б. 1 б. негізінде әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек, 2013 жылғы 13 желтоқсанында «Самара-Шымкент» тас жолының 802 шақырымында азамат А. «ТОYOTA Hiаce» автокөлігін басқару кезінде, жол қозғалысы ережесін қасақана бұзып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Р-дың басқаруындағы «ТОYOTA» автокөлігіне соғып материалдық залал келтірген.

Сот үкімі құқық бұзушылықтың сипатын ескеріп, оған 18 520 теңге көлемінде айыппұл салған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Отбасының тыныштығын бұзғаны үшін қамауға алынды

08/01/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Әйтеке би ауданы, Комсомол селосының тұрғыны Ж-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 б. 1 б. негізінде әкімшілік іс қаралды. Істің мән-жайына келсек: 2014 жылдың 06 қаңтарында Әйтеке би ауданы Комсомол селосында орналасқан, яғни өзінің үйінде Ж. арақ ішкен мас күйінде әйелі А-мен сөзге келіп қалып, былапыт сөйлеп, оған сыйламаушылық көрсетіп, үйінің тыныштығын бұзған. 

Сот үкімі оның өзінің кінәсін мойындағанын ескеріп, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Сот шешімімен бұйрық заңсыз деп танылып, жұмысқа қайта орналастырылды

08/01/2014

Ақтөбе қалалық сотында А.-ның ТК-ге қарсы бұйрықты заңсыз деп тану, оның күшін жою, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына еңбек ақы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес талапкер ТК-ге қызметке 1994 жылы түскен.

2013 жылы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру құрылымын оңтайландыруына байланысты жұмыстан шығарылған.

Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкері есірткі сату кезінде құрықталды

06/01/2014

Ішкі Істер Департаменті бастығының орынбасары шығарған бұйрығына сәйкес есірткіге қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі капитан лауазымындағы Жомарт, өзінің қызметтік міндетіне: есірткі затын заңсыз айналымынан шығару бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу кірген, алайда өзінің қызметтік уәкілін пайдаланып, заңсыз есірткі затын аса ірі мөлшерде өткізу үшін сақтаған.

30.08.2013 жылы Ақтөбе қаласында лауазымды тұлға бола тұра, заңсыз аса ірі мөлшерде есірткі затын өткізу үшін өзінің жеке барсеткасында сақтаған.

Әскери басшының бұйрығынан бас тартты

30/12/2013

2013 жылдың желтоқсан айында ҚР ҰҚК әскери полициясының лауазымды тұлғасымен Г. қатысты әкімшілік өндіріс қозғалған, онда  ол, ағымдағы жылдың 7 желтоқсаны күні әскери бөлім командирі орынбасарының кабинетінде командирдің кәсіби біліктілігін көтеру үшін әскери бөлімге бару туралы бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тартқан.

Сот қаулысына сәйкес азамат Г. ҚР ӘҚБтК-нің 512-4 бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп танылып, осы бап бойынша 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Денсаулығына ауыр зиян келтірген

30/12/2013

Шалқар  аудандық соты 27.11.2013 ж. Қ-ға қатысты қылмыстық іс қарады. Азамат Қ. бұрын бас бостандығынан шектеу түріне сотталып жүріп, түзелу жолына  түспей, одан ешқандай қорытынды шығармай,  қайтадан ауыр қылмыс жасаған. 13.10.2012 ж. Біршоғыр бекетінде жәбірленуші А.-ны автөкөлігімен соғып құлатып, бел тұсынан автокөлікпен басып өтіп, соның салдарынан А-ның өміріне қауіп төндіріп, денсаулығына қасақана  ауыр зиян келтірген. Соттың 27.11.2013 ж. үкімімен  сотталушы Қ.-ға 6 жыл 3 ай  мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Беттер