Отбасының тыныштығын бұзғаны үшін қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Әйтеке би ауданы, Комсомол селосының тұрғыны Ж-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 б. 1 б. негізінде әкімшілік іс қаралды. Істің мән-жайына келсек: 2014 жылдың 06 қаңтарында Әйтеке би ауданы Комсомол селосында орналасқан, яғни өзінің үйінде Ж. арақ ішкен мас күйінде әйелі А-мен сөзге келіп қалып, былапыт сөйлеп, оған сыйламаушылық көрсетіп, үйінің тыныштығын бұзған. 

Сот үкімі оның өзінің кінәсін мойындағанын ескеріп, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі