Жәбірленушіге келтірген зиянын өтеп, жауапкершіліктен босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық соты,  ашық  сот отырысында Әйтеке би ауданы, Комсомол селосының тұрғыны Н-ға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабының 1 бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарады.

Істің мән-жайына келсек:  2014 жылдың қаңтар айының 08-де сағат 08.30 шамасында, Әйтеке би ауданы Комсомол селосының тұрғыны Н.  яғни бөтен мүлікті жасырын түрде ұрлау мақсатында, осы селоның тұрғыны П-ның үйінің ауласына заңсыз кіріп, құны 3000 теңге тұратын темір шанасын жасырын түрде ұрлаған.

Сот отырысында сотталушы Н-ның жәбірленушіге келтірген зиянды өтегені және онымен татуласқанын ескеріп, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.  

 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Әйтеке би аудандық соты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі