Сот шешімімен бұйрық заңсыз деп танылып, жұмысқа қайта орналастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында А.-ның ТК-ге қарсы бұйрықты заңсыз деп тану, оның күшін жою, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына еңбек ақы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес талапкер ТК-ге қызметке 1994 жылы түскен.

2013 жылы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру құрылымын оңтайландыруына байланысты жұмыстан шығарылған.

Сот отырысы барысында жоспарланған штаттың қысқаруына бір ай қалғанда талапкерге жетекші маманның лауазымы қысқартылғандығы жөнінде хабарлама ұсынылғандығы анықталды.  

Сонымен қатар, талапкер өз іс-әрекеттерімен еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан емес, алда болатын штаттың қысқаруы туралы хабарламамен танысқан. Алайда, жұмыс берушімен басқа жұмыс орыны, яғни ауысу ұсынылмаған, ол тараптармен дауланған жоқ.

Штатты қысқарту кезінде басқа бөлімшелерде бос орындар болған, алайда ол орындар талапкерге ұсынылмаған. Сол кезде талапкердің ешбір тәртіп жазасы болмаған, оның жұмыс өтілі 19 жылды құраған. Яғни, талапкерді жұмыстан шығарылуы заңсыз болған.   

Сот азаматтық іс материалдарын зерттеп, талапкердің талап арызы қанағаттандырылуға жатады деген тұжырымға келді. Сот шешімімен талапкерді жұмыстан шығару туралы бұйрығы заңсыз деп танылып, талапкер жұмыс орнына қайта орналастырылды, сонымен қатар оның пайдасына амалсыз бос жүрген уақытына 534 925 теңге еңбек ақы өндірілді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі