Жаңалықтар

Автокөлікті айдап кеткен

10/02/2014

Ақтөбе қаласының №2 сотымен ҚР ҚК-нің 185 бабының 1 бөлімімен айыпталған азамат А. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Мас көлік жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды

29/01/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Әйтеке би ауданы, Комсомол селосының тұрғыны К-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 467- бабының 1- бөлігі негізінде әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек 2014 жылғы 16 қаңтарда Әйтеке би ауданы Комсомол ауылында К., өзінің жеке меншігіндегі «Лада 21713» автокөлігін алкогольден мас күйінде басқарған.                             

Сот оны 2 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Әйтеке би аудандық соты

1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

27/01/2014

Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық соты,  ашық  сот отырысында Әйтеке би ауданы, Қостанай облысының тұрғыны Г-ға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабының екінші бөлігі «в» тармағымен қылмыстық істі қарады.

Істің мән-жайына келсек, 2013 жылдың 23 желтоқсанында сағат 19.35 шамасында, «Казкупер» ЖШС-ның көлік жүргізушісі Г., Әйтеке би ауданы «Бенкала» деген жерде С-ның қызметтік кабинетінен, яғни бөтен мүлікті жасырын түрде ұрлау мақсатында, қызметтік ғимаратқа заңсыз кіріп, құны 77 708 теңге тұратын «ТОSHIBA» - С660 маркалы ноутбукты  жасырын түрде ұрлаған.

Бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

27/01/2014

Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық соты,  ашық  сот отырысында Әйтеке би ауданы, Қостанай облысының тұрғыны Г-ға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабының екінші бөлігі «в» тармағымен қылмыстық істі қарады.

Істің мән-жайына келсек, 2013 жылдың 23 желтоқсан айыында сағат 19.35 шамасында, «Казкупер» ЖШС-ның көлік жүргізушісі Г., Әйтеке би ауданы «Бенкала» деген жерде С-ның қызметтік кабинетінен, яғни бөтен мүлікті жасырын түрде ұрлау мақсатында, қызметтік ғимаратқа заңсыз кіріп, құны 77 708 теңге тұратын «ТОSHIBA» - С660 маркалы ноутбукты  жасырын түрде ұрлаған.

Жәбірленушіге келтірген зиянын өтеп, жауапкершіліктен босатылды

24/01/2014

Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық соты,  ашық  сот отырысында Әйтеке би ауданы, Комсомол селосының тұрғыны Н-ға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабының 1 бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарады.

Істің мән-жайына келсек:  2014 жылдың қаңтар айының 08-де сағат 08.30 шамасында, Әйтеке би ауданы Комсомол селосының тұрғыны Н.  яғни бөтен мүлікті жасырын түрде ұрлау мақсатында, осы селоның тұрғыны П-ның үйінің ауласына заңсыз кіріп, құны 3000 теңге тұратын темір шанасын жасырын түрде ұрлаған.

Пойыздағы мазасыз жолаушы

22/01/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Қызылорда облысының тұрғыны О-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 330 б. 1 б. негізінде әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек: 2014 жылдың 19 қаңтарда, «Актөбе-Астана» бағытындағы №8 пойыз вагонында, аз. О. арақ ішкен мас күйінде қоғамдық орында былапыт сөйлеп, төңірегіндегілерге сыйламаушылық танытып, жолаушылардың тыныштығын бұзып,   ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот оның өзінің кінәсін мойындағанын, құқық бұзушылықты бірінші рет жасауын ескеріп, оған бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Заң талабына бағынбағаны үшін қамауға алынды

17/01/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Әйтеке би ауданы, Ырғыз ауданының тұрғыны Н-ге. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 355 б. 2 б. негізінде әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек, 2014 жылғы 16 қаңтарда Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосының маңайында орналасқан «Корейская кухня» кафесінің жанында азамат Н. полиция қызметкерлерінің құжаттарын тексеру туралы айтқан заңды талаптарына қасақана бағынбай, қарсылық білдіріп тіл тигізіп, былапыт сөйлеген. 

Әйтеке би аудандық сотының 2013 жылдың 12 айында атқарған жұмысы туралы ақпарат

16/01/2014

Әйтеке би аудандық соты сот төрағасы А.Әбдіров Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының 2013 жылдың 12-айында  сот өндірісіне 85 қылмыстық іс, 99 адамға түсіп,  аяқталды. Оның ішінде үкім шығару арқылы 18 іс (26 адамға) қаралды.

Жол ережесін бұзып, материалдық залал келтірген

13/01/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосының тұрғыны А-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 468 б. 1 б. негізінде әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек, 2013 жылғы 13 желтоқсанында «Самара-Шымкент» тас жолының 802 шақырымында азамат А. «ТОYOTA Hiаce» автокөлігін басқару кезінде, жол қозғалысы ережесін қасақана бұзып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Р-дың басқаруындағы «ТОYOTA» автокөлігіне соғып материалдық залал келтірген.

Сот үкімі құқық бұзушылықтың сипатын ескеріп, оған 18 520 теңге көлемінде айыппұл салған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Отбасының тыныштығын бұзғаны үшін қамауға алынды

08/01/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Әйтеке би ауданы, Комсомол селосының тұрғыны Ж-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 б. 1 б. негізінде әкімшілік іс қаралды. Істің мән-жайына келсек: 2014 жылдың 06 қаңтарында Әйтеке би ауданы Комсомол селосында орналасқан, яғни өзінің үйінде Ж. арақ ішкен мас күйінде әйелі А-мен сөзге келіп қалып, былапыт сөйлеп, оған сыйламаушылық көрсетіп, үйінің тыныштығын бұзған. 

Сот үкімі оның өзінің кінәсін мойындағанын ескеріп, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Беттер