Автокөлікті айдап кеткен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотымен ҚР ҚК-нің 185 бабының 1 бөлімімен айыпталған азамат А. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сай, 2013 жылы 21 тамызда  22:00 шамасында Ясный-2 поселкесінде,  учаскесінің қасында аз. Д.-ның  «ВАЗ-2102» маркалы автокөлігін қойғанын және оның болмағанын пайдаланып, қасақана автокөлікті ұрлау мақсатында заңсыз иеленіп, тікелей айдап кету ниетімен, жүргізуші жағындағы кілтсіз жабық тұрған есігін ашып тоқтарын тікелей жалғап оталдырып, айдап кеткен. ГМЗ ауданында рульді басқара алмай автокөлікті аударып алған, жасаған әрекетінен қорқып кетіп, оқиға болған жерден  бой тасалаған.

Сот үкімімен аз. А. ҚР ҚК-нің 185 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63 бабының негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санап,  екі  жыл сынақ мерзімі белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі