1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық соты,  ашық  сот отырысында Әйтеке би ауданы, Қостанай облысының тұрғыны Г-ға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабының екінші бөлігі «в» тармағымен қылмыстық істі қарады.

Істің мән-жайына келсек, 2013 жылдың 23 желтоқсанында сағат 19.35 шамасында, «Казкупер» ЖШС-ның көлік жүргізушісі Г., Әйтеке би ауданы «Бенкала» деген жерде С-ның қызметтік кабинетінен, яғни бөтен мүлікті жасырын түрде ұрлау мақсатында, қызметтік ғимаратқа заңсыз кіріп, құны 77 708 теңге тұратын «ТОSHIBA» - С660 маркалы ноутбукты  жасырын түрде ұрлаған.

Сот отырысында сотталушы Г-ның кінәсі дәлелденіп, сот Г-ны ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігі «в» тармағымен кінәлі деп тауып, оған 1  жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Әйтеке би аудандық соты

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі