Дс, 27/01/2014 - 08:34
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық соты, ашық сот отырысында Әйтеке би ауданы, Қостанай облысының тұрғыны Г-ға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабының екінші бөлігі «в» тармағымен қылмыстық істі қарады.
Істің мән-жайына келсек, 2013 жылдың 23 желтоқсан айыында сағат 19.35 шамасында, «Казкупер» ЖШС-ның көлік жүргізушісі Г., Әйтеке би ауданы «Бенкала» деген жерде С-ның қызметтік кабинетінен, яғни бөтен мүлікті жасырын түрде ұрлау мақсатында, қызметтік ғимаратқа заңсыз кіріп, құны 77 708 теңге тұратын «ТОSHIBA» - С660 маркалы ноутбукты жасырын түрде ұрлаған.
Сот аз.Г-ның, ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігі «в» тармағымен кінәлі деп танып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі