Пойыздағы мазасыз жолаушы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Қызылорда облысының тұрғыны О-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 330 б. 1 б. негізінде әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек: 2014 жылдың 19 қаңтарда, «Актөбе-Астана» бағытындағы №8 пойыз вагонында, аз. О. арақ ішкен мас күйінде қоғамдық орында былапыт сөйлеп, төңірегіндегілерге сыйламаушылық танытып, жолаушылардың тыныштығын бұзып,   ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот оның өзінің кінәсін мойындағанын, құқық бұзушылықты бірінші рет жасауын ескеріп, оған бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі