Архив событий

13/01/2014

Жол ережесін бұзып, материалдық залал келтірген

13/01/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосының тұрғыны А-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 468 б. 1 б. негізінде әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек, 2013 жылғы 13 желтоқсанында «Самара-Шымкент» тас жолының 802 шақырымында азамат А. «ТОYOTA Hiаce» автокөлігін басқару кезінде, жол қозғалысы ережесін қасақана бұзып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Р-дың басқаруындағы «ТОYOTA» автокөлігіне соғып материалдық залал келтірген.

Сот үкімі құқық бұзушылықтың сипатын ескеріп, оған 18 520 теңге көлемінде айыппұл салған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.