Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкері есірткі сату кезінде құрықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ішкі Істер Департаменті бастығының орынбасары шығарған бұйрығына сәйкес есірткіге қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі капитан лауазымындағы Жомарт, өзінің қызметтік міндетіне: есірткі затын заңсыз айналымынан шығару бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу кірген, алайда өзінің қызметтік уәкілін пайдаланып, заңсыз есірткі затын аса ірі мөлшерде өткізу үшін сақтаған.

30.08.2013 жылы Ақтөбе қаласында лауазымды тұлға бола тұра, заңсыз аса ірі мөлшерде есірткі затын өткізу үшін өзінің жеке барсеткасында сақтаған.

30.08.2013 жылы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сағат 12.00 шамасында Ақтөбе қаласы, Земледельческая көшесінде орналасқан үйде Жомарт лауазымды тұлға бола тұра қызметтік өкілеттігін пайдаланып заңсыз аса ірі мөлшерде есірткі заты героинді Эмирге өткізеді. 

Сондай-ақ, алдын-ала тергеу органымен Жомартқа заңсыз есірткі затын аса ірі мөлшерде өткізу үшін сақтаған деген айып тағылған.

Сонымен қатар, 01.09.2013 жылы сағат 15.40 шамасында Ақтөбе қаласы, Земледельческая көшесінде орналасқан үйде Жомарт лауазымды тұлға бола тұра қызметтік уәкілеттігін пайдаланып заңсыз аса ірі мөлшерде есірткі заты героинді Эмирге өткізеді.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жомартты ҚР ҚК-нің 259 бабы 3 бөлігі «г» тармағымен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп 10 жыл бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі