Жаңалықтар

Қарғалы аудандық сотында семинарлық сабақ өткізілді

18/03/2016

Қарғалы аудандық сотының мамандары «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сай қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалу тәртібі» тақырыбында семинарлық оқу өткізді.

Семинарлық оқуды жүргізген аудандық соттың судьясы А.Шарипбаев қатысушыларға   Қылмыстық-процестік кодекстің 9 тарауында қаралған «Сот шешімдерінің орындалу» тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Ашық есік күні» шарасы өткізілді

18/03/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Ашық есік күнінде сот төрайымы М.Үрістембаева соттың ашықтығы мен жариялығы қағидасын ұстана отырып, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 4-курс студенттері, болашақ заңгерлермен кездесу өткізді.

Жаңа Азаматтық процестік кодекстің ерекшеліктері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

18/03/2016

Қарғалы аудандық сотының төрайымы Н.Аманкулованың үйлестіруімен «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің ерекшеліктері»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қарғалы аудандық соттың төрайымы мен мамандары, Қарғалы  аудандық  және  қалалық  әкімшіліктердің,  аудандық  прокуратура, ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Тараптар дауды медиация келісімімен реттеді

17/03/2016

Қобда аудандық соты талапкер Б. жауапкер С. берген қарыз ақшасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Талапкер  Б. сотқа жауапкер С. бермей жүрген 24 870 теңге қарыз ақшаны өндіруді сұрап жүгінген.

Қарғалы аудандық сотымен көшпелі семинар-тренинг өткізілді

17/03/2016

Қарғалы аудандық сотымен Карғалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен «Сот кабинеті» сервисі арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жолдау» тақырыбында  көшпелі семинар-тренинг өткізілді.

Аудандық соттың жетекші маманы А.Ақай Қарғалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлеріне «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі туралы түсіндірді. Аталған сервис сотқа құжаттарды электрондық нысанында беру мақсатында қарастырылғаны туралы тоқталды.

Мәмілелерді жарамсыз (жарамды) деп танудың өзекті мәселелері

17/03/2016

Байғанин аудандық сотында «Соттарда мәмілелерді жарамсыз (жарамды) деп тану жөніндегі дауларды қараудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының жобасын талқылауға арналып, «Сотта мәмілелерді жарамсыз (жарамды) деп танудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына аудандық соттың ұжымы қатысты.

Әйтеке би аудандық сотында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді

17/03/2016

Әйтеке би аудандық сотында «Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес» тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев, кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева, кеңсе мамандары, прокуратура және Әйтеке би аудандық ІІБ-нің  қызметкерлері қатысты.

Өзбекістан Республикасының екі азаматы әкімшілік жазаға тартылды

17/03/2016

Әйтеке би аудандық сотымен Өзбекістан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік істер қаралды (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).

Ұсақ-түйек жымқырғаны үшін сотталды

17/03/2016

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 187-бабының 1-тармағымен азамат Т. қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды (ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу).

Іс құжаттарына сәйкес, 2016 жылдың 24 ақпанында азамат Т. болмашы мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында ЛСО-12 мекемесінің цехынан «SAE-40» маркалы 20 литр қою майды ұсақ-түйектеп жымқырып, «Л» АҚ филиалы «Қплд» 12 639 теңге зиян келтірген.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

17/03/2016

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен азамат С. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С. бұрын қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 1 жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, қоғамдық орынға қайталап алкогольдік масаң күйінде келгені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Беттер