Жаңалықтар

Құқық бұзушылық жасағаны үшін 20 тәулік қамауға алынды

18/03/2016

Әйтеке би аудандық сотымен  автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша азамат С. қатысты әкімішілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 2016 жылдың 4 наурыз күні, Қарабұтақ-Костанай тас жолының бойында, құқықбұзушы С. көлік құралын жүргізу құқығы болмай, маркасы «Daimler Chrysler 230l» автокөлігін арақ ішкен мас күйінде басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

«Ашық есік күні» өткізілді

18/03/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Аталған шараға 2016 жылдың алқаби кандидаттары қатысты.

«Ашық есік күні» судья М.Сисенованың төрағалық етуімен өткізілді.

Қызығушылық танытқан тұлғалар алқабилердің іріктелу тәртібі қалай өтетіні туралы ақпарат алды. Судья  кандидаттарды сотқа шақырғаннан кейін сот мәжілісінде іріктеу өтетінін, яғни сотқа қатысушылардың дауыс беру тәсілімен 12 алқаби тандалатынын, іріктелген алқаби сол қылмыстық іс бойынша сот отырысына қатысатынын атап өтті.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

18/03/2016

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Қылмыстық теріс қылық», «Процестік келісім» туралы  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы, судьялар,  қала прокуроры, қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары, қорғаушылар қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысында судьялар А.Бекталиева шара тақырыптарына сай баяндама оқыды.

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік» күні өткізілді

18/03/2016

Соттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азаматтар үшін ай сайын «Ашық есік» күнін өткізеді.

Кезекті өткізілген шараға Ақтөбе қаласының тұрғындары Ж.Искаров пен Ж.Машимов әкімшілік істері бойынша туындаған сұрақтарымен келді.

Сот төрағасы келушілерге әкімшілік заңнама талаптарын түсіндіріп, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша қысқаша мағлұмат берді.

Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз-мәслихаты өткізілді

18/03/2016

Бүгін Ақтөбе қаласының №2 сотының 2016 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау, қоғамда қызығушылық тудырған істер бойынша және Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің «2,4» тармақтарымен сотталған А.К.Дошманов және т.б. қатысты қылмыстық іс бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіліп, баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Жиынға сот төрағасы А.Балмұқанов, сот судьялары, БАҚ-пен өзара ықпалдастық жұмысына жауапты маман Н.Мендибаева және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар өткізілді

18/03/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Судьялардың жаңа әдеп кодексі жобасы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға сот төрағасы Н.Сұлтанов, судьялар М.Сисенова, Г.Ажигалиева, А.Молдағалиев қатысты.

Аталған шара барысында судья М.Сисенова баяндама жасады.

«Қазақстан Республикасы АІЖК: татуласу рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

18/03/2016

Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе қалалық сотының судьялары, «Ақтөбе облысының адвокаттар алқасы» ММ өкілдері – И.Степаненко, Г.Максименко, Л.Никифорова, Ақтөбе облысының кәсіби медиаторлары – С.Балпеисова, С.Түлкібаева, А.Ғалымжанова, М.Такешов, А.Битенов, Ғ.Жұмашев, Е.Ұлғай, К.Каусова, «Келісу» кәсіби медиаторлар одағының өкілі – А.Казиеваның қатысуымен «Қазақстан Республикасы АІЖК: татуласу рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ақтөбе облыстық сотында «Наурыз мейрамы» қарсаңында салтанатты жиын өткізілді

18/03/2016

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында салтанатты жиында сот төрағасы Ерлан Айтжанов судьялар мен сот мамандарын Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

Аталмыш шараға облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов, облыстық соттың алқа төрағалары мен сот судьялары, соттар әкімшісінің басшысы мен сот мамандары қатысты.

Мерекелік жиында облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Дәмеш Әбдалі баяндама оқып, шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз - бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі келіп жеткенін атап өтті.

Еңбек қатынасын ырықтандыру бойынша Қазақстан Республикасының жаңа еңбек кодексінің нормалары

18/03/2016

Қарғалы аудандық сотында «Еңбек қатынасын ырықтандыру бойынша Қазақстан Республикасының жаңа еңбек кодексінің нормалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық сот төрайымы, аудандық әкімшіліктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, ішкі саясат бөлімінің өкілдері және жергілікті «Қарғалы» газетінің тілшілері қатысты.

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді»

18/03/2016

Хромтау аудандық сотының төрағасы А.Мұқановпен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Аталған шараға азаматтық істер бойынша туындаған сұрақтарымен, 1981 жылы туылған, Рустем Сабырұлы Турмашев, «Қарызгерлермен жұмыс жөніндегі бюросы» ЖШС-ның бережақты өндіру туралы талап арызымен келіспейтіні жөнінде сұрағымен жүгінді.  

Шараның қорытындысы бойынша Р.Турмашевтың қойылған сұрақтарына Заңға сәйкес толықтай жауаптар берілді.

Беттер