Жаңалықтар

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

15/03/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «БИ» ЖШС-і «Актобе» СПК» НК» АҚ-нан қарыз соманы және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «БИ» ЖШС-і «Актобе» СПК» НК» АҚ-нан 6 446 315 теңге көлемінде қарыз сома, 834 631 теңге көлемінде айыппұл және сот шығындарын өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

«Медиация – дауды сотқа дейін реттеу» тақырыбында өткізілген семинар

15/03/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Медиация – дауды сотқа дейін реттеу» тақырыбында семинар өтікізілді.

Семинарға Ембі қаласының әкімиятінің бас маманы және Жем қаласының әкімі, Мұғалжар ауданының прокуратурасының, Ембі ҚПБ-нің өкілдері, адвокат, медиатор және сот мамандары қатысты.

Ақтөбе қалалық сотында медиативтік келісім жасалды

15/03/2016

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшылар Г., Ю. жауапкер Т. қатысты 720 000 теңге көлемінде қарыз ақшаны, 8 000 теңге көлемінде мемлекеттік бажды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауының барысында, 2014 жылдың 18 тамызында жауапкер талапкерден 1 100 000 теңге көлемінде ақшаны 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қайтару мерзімімен қолхат арқылы қарызға алғаны анықталды. Қарыз ақша ішінара қай        тарылып, қалған бөлігі 720 000 теңгені құрады.

Келісім-шартты жалған деп тану

15/03/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  «ТХ» ЖШС-нің банкроттық басқарушысы «Т» ЖШС-не үш бөлмелі пәтерді конкурстық массаға қайтару және 2014 жыл 03 ақпандағы пәтерді өтеусіз беру туралы келісім-шартты жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот шешімімен «ТХ» ЖШС-і банкроттық басқарушысының талап арызы қанағаттандырылып,  үш бөлмелі пәтер конкурстық массаға қайтарылып және пәтерді өтеусіз беру туралы келісім-шарт жарамсыз деп танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Хромтау аудандық сотында қылмыстық істер бойынша брифинг өткізілді

15/03/2016

Хромтау аудандық сотында судья Е.Жеткерген мен жергілікті басылым «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте Хромтау аудандық сотымен 2016 жылы қаралған қоғамдық маңызы бар 2 қылмыстық істің қаралу нәтижелері талқыланды.

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

14/03/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «ТТС» ЖШС-і «ОБ» ЖШС-нен қарыз соманы және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «ТТС» ЖШС-і «ОБ» ЖШС-нен  қарыз соманы және айыппұл өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында семинар сабағы өткізілді

14/03/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот мамандарының арасында «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережелері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Онда кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы М.Минтаев баяндама жасады.

Семинар қатысушылары 2016 жылдың 5 наурыздағы жаңа аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережелері бойынша мәселелі сұрақтарды талқылап, нәтижесі бойынша ұсыныстар дайындалды.

Қазақстан Республикасының медиация туралы заңы

14/03/2016

Алға аудандық сотында аудандық сот төрағасының төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасының медиация туралы заңы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге аудандық сотының судьялары, жергілікті органдардың мемлекеттік қызметкерлері мен кәсіби медиатор А. Куписов қатысты.

Аталған шараның мақсаты «Қазақстан Республикасының медиация туралы заңның»  қолдану тәртібі мен мақсатын түсіндіру.

Тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін жауапқа тартылды

14/03/2016

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы А. қатысты әкімшілік іс қаралды (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау).

Беттер