Жаңалықтар

«Ашық есік күні» өткізілді

11/03/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Сұлтановпен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Аталған шараға 2016 жылдың алқаби кандидаттары қатысты.

Гендерлік теңдік стратегиясы

11/03/2016

Қобда аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында брифинг өткізілді.

Шараға сот төрағасы А.Анарбаев, судья Ш.Есжанова және «Қобда» газетінің тілшісі Л.Загрида қатысты.

Бюджеттік несие өндірілді

11/03/2016

Темір аудандық сотында талапкер «ААК» ММ жауапкер Б. 1 825 305 теңге бюджеттік несие өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.         

Жол көлік оқиғасы бойынша үкім жарияланды

11/03/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотталушы О. қатысты қылмыстық іс қаралды (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол көлік оқиғасы).

Қылмыстық теріс қылық туралы үкім жарияланды

11/03/2016

Шалқар аудандық сотында сотталушы К. қатысты қылмыстық теріс қылық туралы қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат К. 2016 жылдың 17 ақпанында бұрын Шалқар аудандық сотының 05.11.2014 ж. қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467-бабының 1-бөлігімен үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, Шалқар қаласы  Резванов көшесі бойында автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Ойыл аудандық сотымен көшпелі семинар өткізілді

11/03/2016

Ойыл аудандық кірістер басқармасында Ойыл аудандық сотының бас маманы К.Алипова мекеме қызметкерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – бүгінгі таңда халыққа қолжетімді бола бастаған жаңа электронды қызметтер туралы ақпараттандыру жұмыстарын түсіндіру.

Әкімшілік іс бойынша брифинг

11/03/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Ж.Кунаева Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 462-бабының 3 бөлігімен азаматшаТ. қатысты әкімшілік ісі бойынша түсініктеме берді.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – мемлекеттік органдардың алдындағы басым бағытты мақсат

11/03/2016

Байғанин аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – мемлекеттік органдардың алдындағы басым бағытты мақсат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот ұжымы, аудандық прокуратураның аға прокуроры Ғ.Ермағамбетов, адвокат А.Егізбаев және полиция қызметкерлері қатысты.

Шара барысында мемлекеттік тілді дамыту, еліміздің сот жүйесі саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы талқыланды.

Беттер