Жаңалықтар

Адамдар тобының алдын ала сөз байласқан ұрлық

11/03/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1 тармағымен сотталушы  Б. мен Ж. қатысты қылмыстық іс қаралды (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен).

Жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған

11/03/2016

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігімен азамат Н.қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, 2016 жылы 25 акпанда, азамат Н. «Лада 21144» автокөлігін Қандыағаш қ-сы, Интернационал көшесімен басқарып келе жатып, «24 с» дүкенінің маңында, азамат Ж. басқаруындағы  «Audi B4» көлік құралына соғып, жол көлік оқиғасын жасап, өзi қатысушы болып табылып жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған.

Сенімді теріс пайдаланған

11/03/2016

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 2- бөлігі 2 тармағымен сотталушы М. қатысты қылмыстық іс қаралды (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бiрнеше рет бөтен мүлiкке құқықты иемдену).

Мас күйінде жасалған бұзақылық

10/03/2016

Әйтеке би  аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен сотталушы Д. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қазақстандық бітімгершілік пен бірегейлікті дамыту және тұжырымдаманы нығайту

10/03/2016

Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстандық бітімгершілік пен бірегейлікті дамыту және тұжырымдаманы нығайту» жарлығың зерделеу туралы тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға судья М.Мұхамбетқалиев, кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева, кеңсе мамандары, прокуратура  қызметкерлері, Әйтеке би аудандық заң кеңсесінің адвокаты, Әйтеке би аудандық ІІБ-нің өкілдері мен медиатор қатысты.

Мәртөк аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

10/03/2016

Мәртөк аудандық сотында сот төрағасының өкімімен сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу мақсатында әр айдың екінші сәрсенбісі – «Ашық есік күні» деп белгіленген.

Аудандық сотқа «Ашық есік күні» қызметтік тұрғын үйді сатып алу туралы тәртібі бойынша сұрағымен Мәртөк ауылының тұрғыны ішкі істер қызметкері азамат Ищанов Жангельды жүгінді.

«Сот кабинеті» жүйесіндегі өзгерістермен таныстыру жұмыстары жүргізілді

10/03/2016

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі А.Урашева «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Қарғалы селосындағы филиалында болып, «Сот кабинеті» жүйесіндегі өзгерістер жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Сот кабинеті» – Қазақстан Республикасы сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе. Осы жүйе арқылы жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар сотқа арыз-шағымдар, әкімшілік іс, іске қатысты құжаттардың барлық түрін жолдап келеді.

Автокөлікті есірткелік мас күйінде басқарған

10/03/2016

Мұғалжар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-тармағымен азамат К. қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат К. 24 қаңтар 2014 жылғы сот қаулысымен 2 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, 2016 жылдың қаңтарында Қандыағаш қаласы, А.Жұмағалиев көшесінің бойында «Лада RsOy5I» маркалы автокөлігін есірткелік масаң күйінде басқарған.

Бітімгершілік келісімінің тиімді жақтары

10/03/2016

Бітімгерішілік келісімінің тиімді тұстарын халыққа БАҚ арқылы кеңінен құқықтық жағынан насихаттау, сот жүйесінің жағымды имиджін көтеру, жариялылықты арттыру мақсатында Байғанин аудандық сотында: «Бітімгершілік келісімінің тиімді жақтары» тақырыбында брифинг өтті. Оған Байғанин аудандық «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қадір қатысты. 

Беттер