Қазақстан Республикасының медиация туралы заңы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында аудандық сот төрағасының төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасының медиация туралы заңы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге аудандық сотының судьялары, жергілікті органдардың мемлекеттік қызметкерлері мен кәсіби медиатор А. Куписов қатысты.

Аталған шараның мақсаты «Қазақстан Республикасының медиация туралы заңның»  қолдану тәртібі мен мақсатын түсіндіру.

Шара барысында А. Куписов аталған тақырып бойынша баяндама оқыды. Баяндама оқылып болған соң, қызу талқылауға салынып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.                                                                   

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі